Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында жеке турнирде динамолық Ильфат Абдуллин әлемдік рейтингтің топ 10-на кірді

Жеке садақ ату бойынша жекелеген турнирдің 1/16 финалында Ильфат нидерландық Стив Вилжермен кездесті. Абдуллин қарсыласын жеңіп, жақсы өнер көрсете алды. Қорытынды есеп 6:4 құрады.

1/8 финалда Ильфат британдық Джеймс Вудгейтті жеңді. Қарсыласудағы есеп 7: 3.

Ильфат Абдуллиннің 1/4 финалдағы қарсыласы Қытайдан келген әлем Кубогының күміс жүлдегері Цзялунь Ли болды. Екі спортшы  да шеберлік жағынан бір-бірінен кем түспеді. Нәтижесінде кездесу Қытай өкілінің пайдасына 6:5 есебімен аяқталды.

Осылайша, Ильфат Абдуллин садақ атудан жеке жарыстарда әлемдік рейтингтің 10-на кірді. Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір садақшысы мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

Серіктестер
Видео