Шымкентте   оқ атудан «Алтын Мерген» халықаралық турнирі аяқталды.  

Бұл турнир 34-ші рет өткізілуде. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның үздік спортшылары жиналды, турнирге барлығы 140 адам қатысты, 25 медаль жиынтығы ойнатылды.

Біздің динамошылар Александра Малиновская, (Алматы), Владимир Исаченко (Алматы), Ирина Локтионова (Шымкент), Константин Малиновский (Алматы), Юрий Юрков (Шымкент), Елизавета Безрукова (Шымкент) және Никита Чирюкин (Шымкент) осы турнирдің чемпиондары атанды.  Осы турнирде жас динамошыларымыз ересектермен бірге өнер көрсетіп, Қазақстанның рекордтарын жаңартты. Ирина Локтионова МП-6 жаттығуында жасөспірімдер үшін жаңа рекорд орнатты, ересектер арасында ол 530 ұпай жинады. Сондай-ақ, Азияның екі дүркін чемпионы Чирюкин Никита жасөспірімдер арасында жаңа рекорд орнатты, МП-8 жаттығуында 580 ұпай жинады.

 

Серіктестер
Видео
Scroll Up