Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының командасы тұңғыш рет Әлем кубогіне қатысты.

2021 жылғы 23-26 қыркүйек аралығында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен Алматыда the 20th Nazarbaev Curling Cup WCT Mixed Doubles 2021 керлингтен әлем кубогы өтті. Жарысқа Ресей, Финляндия, Швейцария, Литва және Эстониядан 18 команда қатысты. 
ІІМ Алматы академиясының командасы осындай деңгейдегі спорттық іс-шараға алғаш рет қатысқанына қарамастан, ол шет елдердің атақты және тәжірибелі командаларымен лайықты шайқасты, жақсы нәтижелер мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. ІІМ Алматы академиясының командасы керлингтен Қазақстан Кубогының 2-ші кезеңінде жеңімпаз атанды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің  Алматы академиясының командасы осы түрінде халықаралық аренада лайықты өнер көрсетті. Біздің елімізде осы деңгейдегі жарыстар осы спорт түрін дамытудың 20 жылында алғаш рет өткізіліп отыр. 2021 жылдың қараша айында Алматыда керлингтен Тынық мұхит-Азия чемпионатын, ал 2022 жылы керлингтің түрлі пәндері бойынша 4 Әлем Кубогын өткізу жоспарланған.
ІІМ Алматы академиясының командасы осы іс-шаралардың барлығына қатысуды жоспарлап отыр.

 

Серіктестер
Видео
Scroll Up