Абиба — дзюдо бойынша ұлттық құраманың ең үздігі!

Ақпан айының бірінші демалыс күндері Парижде өткен Үлкен Дулыға турнирінде (Париж Grand Slam 2023) динамошы дзюдошылар Абиба Абужакынова (48 келіге дейін) және Данияр Шәмшаев (73 келіге дейін) қола медальдарға ие болды. Табан тірескен күресте Данияр канадалық Маргелидонды, Абиба Абужакынова Оңтүстік Кореядан келген спортшы Ли Хе-Кенгті жеңді. 27-29 қаңтарда Алмадада (Португалия) өткен Гран-при сериясының кезеңінде Абиба алтын медаль жеңіп алып, олимпиада рейтингін басқарды. Абибаның Париждегі өнер көрсету нәтижелері оның Олимпиадалық рейтингтегі жағдайын өзгертті.

Абиба Абужакынова үшін спорт  жылдары  жақсы басталуда. Гран-при сериясы турнирінің келесі кезеңі наурыз айында Ташкентте өтеді. Сәттілік тағы да динамошы спортшылар жағында болады  деп үміттенеміз.