Ақтөбе қаласында күштік құрылымдар арасында волейбол турнирі өтті

25-26 наурызда «Динамо»  қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы облыстық полиция департаментімен бірлесіп көктемгі Наурыз мерекесіне және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан күш құрылымдарының қызметкерлерін еске алуға арналған волейбол турнирін өткізді. Турнирге Ақтөбе облысының ПД, ҚР ІІМ АӨИ, ТЖ Департаменті, ҰҚКД командалары, шекарашылар, Ұлттық ұлан мен Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері қатысты. Барлығы 26 команда. Командалар екі топқа бөлінді. Біріншісі — қалалық бөлімшелер, екіншісі — аудандық. Іс-шараға аталған бөлімшелердің бірінші басшылары, облыстық спорт комитетінің басшысы Е.В. Гончаров қатысты. Турнирді Ақтөбе облысы полиция департаментінің, бастығы полиция полковнигі  А. Жүсіпов ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол барлық қатысушыларды көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтап, жас ұрпақты отансүйгіштікке, қызметтік борышын орындауға және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудегі рөлін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ турнир қатысушыларына Е.В. Гончаров және «Динамо» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Төлепбергенов сөз сөйледі. Қатысушылар мен қонақтар қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Туыстарына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Турнир қызу спорттық жарыста өтті. Бірінші топ: 1-ші орын — ҰҚКД командасы, 2-ші орын — ТЖД, 3 — ші орын — Ақтөбе облысы ПД командасы. Екінші топта: 1 — ші орын Байғанин ББ командасы, 2 — ші орын Ойыл ББ командасы, 3 — ші орын Алға ББ командасы. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды