Балалар мен жасөспірімдер арасында көркем гимнастикадан «Жас Динамо» жарысы»

2021 жылдың 06-07 наурызында «Динамо» ФСО ҚБ ШҚОФ спорт залында 2021 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес Токио қаласындағы Олимпиада ойындары мен «Бейбітшілік және сенім жылы» құрметіне 2008-2013 жылы туған балалар мен жасөспірімдер арасында көркем гимнастикадан «Жас Динамо» жарысы өтті. Барлығы алты жас топтары бойынша 240 бала қатысты. Жеңімпаздар әр жас тобында анықталып, «Динамо» ФСО медальдарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлығы 29 медаль ойнатылды:

2008 жылы туған гимнасттар арасында қатысушы Азарева Софья жеңіске жетті.
2009 жылы туған гимнасттар арасында жеңіске жетті:

1 – орын-Петрова Диана, Байдельдинова Дарина, Әмірбекова Айша және Ғабитова Карина;

2-орын-Габитова Карина.

2010 жылы туған гимнасттар арасында жеңіске жетті:

1-орын-Бедарева Ксения, Ужан Айжелина және Кзайбекова Дильназ;

2-орын-Есиркенова Алина және Тулекенова Айза.

2011 жылы туған гимнасттар арасында жеңіске жетті:

1-орын-Вендиревская Евгения, Абен Жанель және Татмиева Тахмина;

2-орын-Карабейникова Александра және Тен Арина;

3 – орын-Акатова Аминат және Ерсайын Алтынжан.

2012 жылы туған гимнастшылар арасында:

1-орын – Бердюгина Дарья, Андреева Мирослава, Назарова Адимие және Качулина Анастасия;

2-орын – Кригер Анастасия;

3-орын – Лырчикова Елизавета және Бөкейхан Жанель.

2013 жылғы гимнастшылар арасында:

1-ші орын – Кравцева Зоя және Евсеева Элина;

2-ші орын – Кожахметова Айзере;

3-ші орын – Кошкенчинова Алина.