Батысқазақстандық  Ұлттық ұландар әскери бессайыстан турнир жеңімпаздары

Оралда 5517 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери бессайыс және жеңіл атлетикалық кросс бойынша сайыс өтті.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты әскери қызметшілердің дене шынықтыру және психологиялық төзімділігін тексеру, сондай-ақ мықтыларды анықтау болып табылады.

 Турнирге 5517 (Орал), 6655 (Ақтөбе), 5546 (Атырау), 5548 (Жаңаөзен), 6656 және 3502 (Ақтау) әскери бөлімдерінің құрама командалары ат терлетіп келді. Жалпы,чемпионатқа Батыс Қазақстаннан барлығы 70-ке жуық спортшы қатысты.

Сайыстың  алғашқы күні спортшылар әскери бессайыстан жарысты, екінші күні Жеңіл атлетикалық кросс өткізілді.

Жабылу салтанатында «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников жарысқа қатысушыларды турнирдің табысты аяқталуымен құттықтады.

«Жыл сайын әскерлерде материалдық база мен жарыстарды өткізу тәртібі жетілдірілуде. Бұл турнирде сіз республикалық әскер біріншілігінде абыроймен өнер көрсетуге  баға жетпес тәжірибе жинадыңыз деп сенемін», — деп атап өтті полковник Павел Ситников.

Әскери бессайыс нәтижелері бойынша командалық есепте 5517 әскери бөлімінің (Орал) әскери қызметшілері жеңімпаз атанды, екінші орын 3502 әскери бөлімінің (Ақтау) командасына бұйырды, ал қола 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе)  спортшыларына тиді.

Біріншілік бағдарламасының барлық бес түрінен (кедергілер жолағы, гранат лақтыру, ату, кедергілермен жүзу және кросс) 3502 әскери бөлімінің (Ақтау) ефрейторы  Асқар Омар жеке есепте жеңіске жетті. 5517 әскери бөлімінің (Орал) аға лейтенанты Заманбек Орынбасар күміс жүлдегер атанды, ал 5517әскери бөлімінің  (Орал) аға лейтенанты Нұрсұлтан Жүсіпов қола медальға ие болды.

Жеңіл атлетикалық кросс бойынша орындар келесідей бөлінді:1 орын-5517 әскери бөлімі (Орал), 2 орын-6656 әскери бөлімі (Ақтау), 3 орын-6655 әскери бөлімі (Ақтөбе).

 Сондай-ақ, 1000 және 3000 метр қашықтықтағы жеңілатлетикалық кросс бойынша жарыстың жеке сынағында 6656 әскери бөлімінің (Ақтау) ефрейтор Әшім Оразалы чемпион атанды, 1500 метр қашықтықтағы әйелдер арасында 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Жанар Төлегенова (Орал) жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.