Динамолық дзюдошы Елдос Сметов дзюдодан «Grand Slam» турнирінде 2-ші орын алды.

Ташкентте өткен «Grand Slam» сериясының әлемдік турнирі аясында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда динамолық Елдос Сметов пен жапондық Рюдзю Нагаяма күресті.

Жапон спортшысы ұпай жинай алды. Рюдзю Сметовты күміс медальмен қалдырып, өз артықшылығын сақтап қалды.