Динамолық шорт-трекерлер Бейжіңдегі Олимпиада ойындарындағы үздік ондыққа кірді.

Динамолық шорт-трекерлер Бейжіңдегі Олимпиада ойындарындағы үздік ондыққа кірді. Олардың әрқайсысының нәтижесі ел үшін тарихи болды.

Ең үздік нәтижені Абзал Әжғалиев көрсетті. Ол 500м қашықтықтағы финалдық жарыста төртінші орынды иеленсе, осы қашықтықта өнер көрсеткен Денис Никиша жетінші орынға ие болды. 1500 метр қашықтықтағы жарыста Әділ Ғалиахметов финалда сегізінші болды.