Динамошылар спорттық гимнастикадан Әлем Кубогінде 2 медальге ие болды

Доха қаласында (Катар) спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтті, онда динамошы Нариман Курбанов ат снарядынан алтын медаль жеңіп алды. Финалда Курбанов 15.200 ұпай жинады. Ал ҚР Ұлттық гвардиясының қатардағы жауынгері Милад Карими қазан айында Ливерпуль қаласында (Ұлыбритания)өтетін әлем чемпионатына жолдама алып, қоссайыс жаттығуында күміс медальға ие болды.