Динамошы Махмуд Сабырхан «Странджа Кубогі» турнирінің чемпионы атанды

«Динамо» боксшысы Махмуд Сабырхан Болгарияда өткен «Странджа Кубогі» Халықаралық турнирінің алтын медалін жеңіп алды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол жергілікті боксшы ясен Радевке қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда боксшы жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Осылайша Сабырхан ұрыссыз турнирдің жеңімпазы атанды.