Жамбыл облысының Полиция департаментінде “Полиция Барысы – 2022” анықталды

Наурыз мейрамы қарсаңында “Динамо” спорт кешенінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында еркін күрестен “Полиция Барысы – 2022” турнирі өтті.
Турнирдің құрметті қонақтары болып Жамбыл облысының “Жекпе-жек” кәсіби спорт клубының директоры Елдос Далабаев, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин қатысты. Жарысқа алты салмақ дәрежесінде 19 команда бақ сынасты. Күрес кілеміндегі белдесулерде полиция қызметкерлері мінсіз дайындық пен тамаша техниканы көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша III-ші орынды Полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Амир Добай, II-ші орынды ПД оқу-жаттығу взводының қызметкері Ырыскелді Артықов, I-ші орынды ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Бегімхан Әділбеков иеленді. Сондай-ақ, қазақ күресінен командалық турда Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің командасы алтын жүлдені, Тараз қаласы Полиция басқармасының командасы күміс жүлдені, Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің командасы III-ші орынды жеңіп алды. “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясын Қордай ауданы полиция бөлімінің командасы алды.