Жас динамошылар бокстан Азия чемпионатында 49 медаль жеңіп алды

Дубайда (БАӘ) жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды.Турнирде Қазақстан құрама командасы барлығы 49 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 15 күміс және 15 қола. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Өзбекстан мен Үндістанды басып озып, бірінші орынға ие болды. Алтынды Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Әбдіғали Әбдікерім (57 келіге дейін), Ерасыл Ермек (60 келіге дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 келіге дейін), Абзал Серік (67 келіге дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (86 келіге дейін) алды. «Күмісті» Мәди Әміров (92 келіге дейін) және Даниял Сапарбай (92 келіден астам) алды. Үшінші болып Арман Алматұлы (71 келіге дейін) және Дәурен Мамыр (82 келіге дейін) атанды.