Наурыз мейрамы қарсаңында солтүстік қазақстандық полицейлер мен «Динамо» қоғамы бірнеше спорт түрінен жарыстар өткізді.

Ұлттық ойын бойынша турнирді полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы «Динамо» ДШСҚ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Үстел теннисінен жарысқа Ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Отставкадағы полковниктер мен майорлар жақсы дайындықты ғана емес, сонымен қатар  жеңіске деген ұмтылысты да көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер естелік сыйлықтар алды. СҚО Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов СҚО ПД басшылығына спорттық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, көктемгі мереке қарсаңында мұндай жарыстар ардагерлердің сейілуіне, қарым-қатынас жасауына және оң нәтиже беруіне мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Тоғыз-құмалақ»ұлттық ойыны бойынша жарыстар да қызықты өтті. Оған облыстық және қалалық полиция бөлімшелерінен 40-тан астам қызметкер қатысты.  Сондай – ақ, «Арқан тарту» — арқан тартудан жолдастық кездесу жағымды эмоциялар тудырды. Офицерлер Ұлттық киім киіп, жарысқа түс пен позитив қосты. Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Жанат Сағденов атап өткендей, «тоғыз-құмалақ» бойынша жарыс қорытындысы бойынша құрметті үшінші орынды ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Сабина Абдрахманова алды. Екінші орын-Қабылдау-тарату орнының бастығы Айдай Смайыл. Бірінші орын жедел басқару орталығының операторы Ұлпан Даньяроваға берілді.