Самбодан жас динамошылар арасында турнир өтті

2022 жылдың 17-18 қыркүйегі аралығында Қостанай облыстық самбо күресі федерациясы, №1  Қ.Оспанова жасөспірімдер спорт мектебі мен   ДШСҚ ҚБ бірлесіп жас динамошылар арасында самбодан турнир өткізді. Іс — шараға 2010-2014 жылы туылған 100-ден астам спортшы қатысты. Іс-шара елімізде жарияланған бала жылына орайластырылды. Салтанатты ашылу рәсімінде самбомен айналысатын балалар мен жасөспірімдерге спорттық жабдықтар берілді.