«Спорт шеберіне үміткер» куәлігін алды

ММА Федерациясының жұмыс жоспарына сәйкес  2020 жылғы ақпанның 22-23 аралығында Алматы қаласындағы «Медина» спорт кешенінің базасында «Араши — Каратэ — Микс — Комбат» аралас жекпе-жектен республикалық ашық турнир болып өтті.

Байрақты бәсекеге 27 спорт клубынан әр салмақ дәрежесі бойынша 350-ден астам ең мықты деген жекпе-жек өнерінің қырандары қатысқан   болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары жүлделі орындарға ие болып,спорттық атақтарды тағайындау талаптарын ойдағыдай орындай білді.

Спорттың «Араши-Каратэ» түрінен Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағын төмендегі курсанттар иеленді:

1.курсант Шәкәрім Әбен

2.курсант Архат Айсанов

3.курсант Нұрбек Маназаров

4.курсант Ерасыл Мукашев

5.курсант Бекзат Нургазинов

6.курсант Давлет Канатбеков

Қазақстан Республикасының «Спорт шеберіне үміткер» атағын:

1.курсант СанжарАрдақұлы

2.курсант Исламбек Баймурзаев

3.курсант Адил Карасартов

4.курсант Темирлан Култаев

5.курсант Иоанн Лученков

6.курсант Эрик Лебедев

7.рядовой Қанағат Нургалиев

8.курсант Рамазан Ускенбаев

9.курсант Гасыр Рахымжан

Қазақстан Республикасында жоғары дәрежелі спортшыларды дайындағаны және спортты дамытқаны үшін «Араши-Каратэ» жаттықтырушысы атағы қоян-қолтық ұрысынан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР ҰҚК Шекара академиясы арнайы-тактикалық факультеті дене шынықтыру дайындығы кафедрасының оқытушысы капитан Шыналиев Берік Сәбитбекұлына берілді.

Жақында жарысқа қатысқан жоғарыдағы шекарашы курсанттарға «Спорт шебері» және «Спорт шеберіне үміткер» атағын айқындайтын арнайы куәлік дайындалып, оқу орнының мекенжайына жолданған екен.

Осыған орай  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясында ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор  М.Қалқабаевтың қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында шекарашы спортшылар Марат Өмірбекұлының қолынан «Спорт шеберіне үміткер» куәлігін алды.