Таразда каратэ-додан мектеп оқушылары арасында республикалық ашық турнир өтті.

2021 жылдың 22-25 қазан аралығында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» күнтізбелік жоспарына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласында Динамо спорт кешенінде каратэ-додан 6-17 жас аралығындағы (ұлдар, қыздар) мектеп оқушылары арасында республикалық ашық турнирі өтті.
Аталған іс шараға Өзбекістан, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы және Тараз қаласының командалары қатысып 340 оқушы қамтылды.
Жалпы командалық есепте ұлдар қыздар:
1 орын – Жамбыл облысы
2 орын – Тараз қаласы
3 орын – Шымкент қаласы