Таразда құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан оқ ату турнирі басталды

Таразда «Динамо» спорт қоғамының срартакиадасы аясында құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан оқ ату турнирі басталды
Жарысқа барлық күштік құрылымдардың (ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК ШҚ, Ұлттық ұлан, Қаржы мониторингі агенттігі) және қалалар мен облыстардың Полиция департаменттері бөлімшелерінің атынан 24 команда қатысуда.
Жарыс екі бағдарлама бойынша өтіп жатыр: ПМ және АК-дан оқ ату. Жарыстың жабылу рәсімі 17 қыркүйекте өтеді.