Шағын футболдан «Динамо» спорт қоғамының кубогі

19-тамыз күні  спорт күні мерекесіне орай Алматыдағы «Динамо» стадионында БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.  Жарыс басталар алдында баспасөз конференциясы болды. Бұл отырысқа   » Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі бастығының бірінші орынбасары Асқар Әлірахымұлы Омарқұлов,  қоғам төралқасының мүшесі Абдулхалил Долкунтай қатысты.  Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, жасыл алаңда шағын футболдан өтетін жарыстың салтанатты түрде ашылуы өтті.  Жарыстың ашылу салтанатына  Сейілдә Байшақов, Михаил Гурман секілді қазақ футболының аты әйгілі ардагер ойыншылары қатысып, қатысушы командаларға жеңіс тіледі. Финалда Алматы қаласы полиция департаментінің командасы мен «Sport.преss»  журналистер командасы кездесіп, полиция қызметкелерінің командасы журналистерден сәл басым түсіп бас жүлдені жеңіп алды, 2-орын тілшілер командасына бұйырды.  Ал 3-ші орынды «Қазақстан» Ұлттық арнасының командасы алды.  Бұл жарыстың бас кубогі ауыспалы болмақ. Бұл турнир алдағы уақытта дәстүрге айналып, командалар саны көбейе түседі деп үміттенеміз.