Шекарашылар жеңіс тұғырына көтерілді

Алматыда «Динамо»  стадионында «Динамо» ДШСҚ ведомстволық спартакиадасы аясында Президенттік көпсайыс бойынша көпкүндік жарыстар мәреге жетті. Көпсайыста барлығы алты команда ҚР ҰҚК Шекара академиясының, Алматы қ.Полиция департаментінің, МКҚ, МКҚБ, «Боран» МДШТ және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командалары бақ сынасты. Командалар жарыстарға дайындыққа жауапкершілікпен қарады.

Ең үздік көпсайыс атағы үшін күрес жарыстың бірінші түрінен басталды. Жарыстың төртінші күнінде ҚР ҰҚК Шекара академиясының көпсайысшылар командасы алға шығып, бірінші орынды иеленді. Оның спортшылары алты спорт түрінен: 60 және 100 метрге жүгіру, 1000 және 3000 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру және граната лақтыру бойынша көш бастады. Шекарашылар ең көп ұпай жинады -1768. Екінші орынды 1596 ұпаймен Полиция департаментінің көпсайысшылары жеңіп алды.

Тәртіп сақшылары нысана бойынша көздеп,  атудан ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Жиналған ұпайлар бойынша үшінші орынды – 1575 ұпаймен ҚР «МКҚ» командасы иеленді. Жеке біріншілікте президенттік көпсайыс қатысушылары 30, 35, 40, 45 және 45+ жастағы жас топтарында жарысты.  Ең жас топтар арасында  ШҚА-нан Айдар Асхатов жеңімпаз атанды. Ол ең көп – 417 ұпай жинады!            35 жастағы спортшылардың арасында ең көп ұпай жинаған ШҚА-нан Алексей Колотов.  Қырық жастағы көпсайысшылар арасынан МКҚ қызметкері Қалымбет Данғұлбеков көш бастады.  Жасы үлкен  топтағыларда көшбасшылық тізгінді МКҚ-нен келген Вадим Чабан алды – ол 320 ұпай жинады.  Соңында, ең жас топтағы суырылып алға шыққан жеңімпаз «Шығыстан»  Арай Ноғайбеков  болды. Ол –  247 ұпай жинады.  Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерге – «Динамо» ДШСҚ-ның кубоктары мен дипломдары табыс етілді, ал үздік көпсайысшылар біздің спорт қоғамының символикасы бейнеленген грамоталармен, медальдармен және спорттық сыйлықтармен марапатталды. Маусым айының ортасында Оралда Президенттік көпсайыстың республикалық кезеңі басталады. Ең үздік алматылық спортшылар ел біріншілігінде өз ведомстволарының намысын қорғайтын болады.