Қазақстандық семсерлесуші, динамолық спортшы Руслан Құрбанов Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Спортшы квотаны халықаралық семсерлесу Федерациясының (FIE) әлемдік рейтингісінде тікелей іріктеу арқылы алды.
Руслан Құрбанов семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері, Универсиаданың 2013 жылғы күміс жүлдегері. Ол сонымен қатар семсерлесуден әлем кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Курбановтың алғашқы жаттықтырушысы-Александр Куимов.