ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жамбыл облыстық күш құрылымдарының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Динамо» спорт кешенінде күш құрылымдарының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оған Жамбыл облысы ПД, ҰҚКД, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті, «Оңтүстік» ӨңҚ, облыстық сот, ЭД, ТЖД, ҚАЖД, облыстың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімі, ІІО ардагерлер кеңесі және көліктегі полиция департаментінің Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің құрама командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің командасы, екінші орынды – облыстық полиция департаментінің командасы, бірінші орынды – ҚР ҰҚК департаментінің командасы иеленді.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің командасы көзге түсті.