Қызылорда облыстық «Динамо спорт» қоғамы ганболдан «Ұлттық мектеп лигасы» жарысын өткізді.

Бұқаралық спортты дамытуда «Динамо» денешынықтыру- спорт қоғамы орталық кеңесі елеулі үлес қосып келеді.  Спорт қоғамы Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, «Западный поток» оқу – зияткерлік жобасын қолға алып өскелең ұрпақты спортқа баулуда үлкен жұмыстар атқаруда.

Жуырда гандболдан «Ұлттық мектеп лигасы» жарысын өткізді. Бұл жобаның  мақсаты — мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын көшбасшыларды, дарынды балаларды топтастыру және жас спортшылардың санылы ортасын құру, мектеп спортын бұқаралық сипатта дамыту болып табылады.

«Ұлттық мектеп лигасы» спорттың 10 түрінен еліміздің түкпір түкпірінде өткізілуде және алғашқы сайыс сыр өңірінде 4 сәуір бастап 11 сәуірге дейін жалғасты. Бүгінгі өткізіліп отырған жарысқа Алматы қаласы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан аймақтық іріктеу жарыстарынан жеңімпаз атанған командалар   қатысып, бақтарын сынады.

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ: ҰШҚЫР ДОП ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

1—орын Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Әл-Фараби атындағы №47 жалпы орта мектеп командасы;

2—орын  Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп командасы;

3 —орын Жамбыл облысы,  Саркемер ауданы, Н. Киікбаев атындағы мектеп—гимназия командасы;

АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯ ИЕЛЕРІ

Жеңімпаз команда дайындағаны үшін

Мамедов Анатолий (Түркістан облысы)

Үздік қорғаушы — Ерланұлы Даниял (Шымкент қаласы)

Үздік шабуылшы — Әбілқасым Ержан (Қызылорда облысы)

Үздік қақпашы — Мырзабаев Мейірбек (Жамбыл облысы)

Үздік ойыншы — Мамедов Сергей

(Түркістан облысы)