Қызылорда облыстық күзет қызметі басқармасына қарасты құрылымдарының арасында шағын футболдан іріктеу турнирі

2022 жылдың 17 қыркүйегінде «Динамо» сауықтыру-спорт кешенінде қызмет борышын атқаруда қаза болған милиция сержанты О.Сансызбаевтың құрметіне арналған жарыстың қарсанында Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Қызылорда облыстық филиалымен бірігіп күзет қызметі басқармасына қарасты құрылымдарының арасында шағын футболдан іріктеу турнирін өткізді. Турнирге 10 команда қатысты.

Турнирдің ашылу рәсімінде күзет қызмет басқармасының бастығы полиция подполковнигі Б.Оспанбеков, күзет қызметінің ардагерлері кеңесінің төрағасы Т.Рыскулов және Қызылорда облыстық филиалы бөлімінің бастығы А.Аскаров сөз сөйледі.

Турнирдің қорытындысы бойынша 1-ші орынға ие болған 7 взвод командасы, 2-ші орынға – 5 взвод командасы, ал 3-ші орынға – 1 взвод командасы. Жеңімпаз-командалар мен жеке футболшылар кубоктармен, дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды