… 10 жылдан соң

Австралияның Воллонгонг қаласында велоспорттан U23 әлем чемпионатында қазақстандық Евгений Федоров 169.8 км топтық жарыста «Алтын» медальді жеңіп алды.
Динамошы, мерзімді қызмет әскери қызметшісі, ҚР Ұлттық ұланының қатардағы жауынгері Евгений Федоров осыдан тура 10 жыл бұрын әлемдік тұғырдың бірінші сатысына көтерілген өзінің әріптесі, сондай-ақ динамошы Алексей Луценконың жеңісін қайталады.