5517 әскери бөлімінің командасы волейболдан «Батыс» өңірліқ   қолбасшылығы қолбасшысының кубогын   жеңіп алды.

Оралда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірліқ   қолбасшылығы қолбасшысының кубогы үшін волейболдан жарыс өткізілді.

Айтулы сайысты «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасы мен «Динамо»дене шынықтыру-спорт қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды.

Жарысқа  БҚО полиция Департаменті, БҚО бойынша ҰҚК Департаменті, БҚО бойынша ҚАЖД, БҚО бойынша ҰҚК  шекара қызметінің Департаменті,ҚР ІІМ БҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Орал қаласының полиция басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы және 5517 әскери бөлімінің командалары  қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» ӨңҚ қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.

-Бұл жарыстардың басты мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы, осындай іс-шаралар олардың спорттық шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Спорттың бұл түрі кездейсоқ таңдалмаған, волейбол-бұл қызметтерді біріктіретін ұжымдық ойын, — деді «Батыс» өңірліқ қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 5517 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды, екінші орынды БҚО полиция Департаментінің командасы міссе тұты, ал жүлделі үшінші орынды «Батыс» өңірліқ   қолбасшылығының басқарма командасы иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен, медальмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Спортшыларды «Үздік байланыстырушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы»номинациялары бойынша да мадақтады.

Серіктестер
Видео