ІІМ Х Спартакиадасы және «Динамо» ДШСҚ. Қазақ күресі – Петропавл қаласында (СҚО).

20-22 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығында биылғы жылы есеп бойынша 10-шы болған Қазақстан Республикасы ІІМ және «Динамо» ДШСҚ  дәстүрлі спартакиадалары шеңберінде жарыстар өтті.

Жарыстың салтанатты ашылуында «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов өз сөзінде «аталмыш турнир Ұлы Отан соғысының ардагері милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтың туғанына 100 жыл толуына», «Динамо» Қоғамының 100 жылдығына және Республикада атақты динамошылар қозғалысының серігі Бауыржан Құлжановтың 70 жылдығына орай өтіп жатқанын» атап өтті және барлық қатысушыларға жеңіске деген ер-жігерлері мен шеберліктерін көрсетуді тіледі.

Жарысқа 32 команда  қатысты (ПД  20 командасы мен 12 құқық қорғау құрылымдарының, күштік және арнайы органдарының өкілдері). Жарысушылардың арасында алғаш рет қатысушылар Мемлекеттік фельдегерлік қызметі және «Динамо» Қоғамының жеке командасы. 174 спортшы биылғы жылдың ең мықты палуан атану құқығына таласты.  Олардың ішінде 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар, 21 спорт  және басқа да спорттық разрядтардың шебері. Олардың жұмысын шақырылған құрметті қонақтар да бақылап отырды, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов, Олимпиадалық ойындардың жүлдегері Василий Левит, облыстық әкімдердің, СҚО ведомстволық құқық қорғау құрылымдары мен күштік және арнайы органдарының басшылары болды.

ІІМ Х Спартакиадасының нәтижелері барлығына тосын сый болды. Алғаш рет Ақмола облысы Полиция департаментінің ұжымы чемпион атағын жеңіп алды. «Динамо» Қоғамының спартакиадалар шеңберіндегі Ведомстволар арасындағы орындар келесі бойынша берілді: жеңімпаз ҚР Ұлттық Ұланының командасы, екінші орында — ҚР ІІМ, үшінші орында «Динамо» Қоғамының командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар, сондай-ақ «Динамо» Қоғамының төрағасы, ҚР ІІМ министрі Марат Ахметжановтың атынан  бағалы сыйлықтар табыс етілді.