СПОРТ АПТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. Динамошылар – құрмет тұғырында!

Дзюдо. Тбилисидегі (Грузия) Grand Slam

Шамшадин Магжан 60 кг — кола жулде алды 61 мемлекет катысты 419 катысушы болды олимпиадалык 500 упай ды женип алды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Тблисиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болды.

Жұбаныш финалында ол испаниялық Лаура Мартинезпен қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесіндк отандасымыз вазари ұпайымен қарсыласын ұтып, үздік үштіктен көрінді.

Абиба Абужақынова жарыс барысында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Өз тобынан үздік шыққан ол тек жартылай финалда жарыс жеңімпазы Милиса Николичке (Сербия)есе жіберді.

Айта кетерлігі, бұл Абиба Абужақынованың 2023 жылы өзі қатысқан үшінші әлемдік жарыстағы үшінші медалі. Ол осыған дейін Португалияда өткен Гран-приде алтын, Францияда өткен Grand Slam жарыстарында қола жүлде жеңіп алған болатын.

 

Оқ ату. Әлем Кубогының кезеңі, Бхопал (Үндістан)

Александр Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогының кезеңінде оқ атудан қола жүлдені иеленді. Ол 10 метрден пневматикалық қарудан  атудан  261.2  ұпай жинады.

Мадхья-Прадеш  штатында өтіп жатқан турнирде әлемнің 31 елінен 208 спортшылары қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның 18 спортшысы бар.

 

Бокс. Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионаты. Нью-Дели (Үндістан)

Карина Ибрагимова (57 килограмға дейін) және Ляззат Кунгейбаева (81 килограмнан жоғары) күміс медальдарды  иеленді.

Алуа Балкибекова (48 килограмға дейін), Надежда Рябец (66 килограмға дейін), Валентина Хальзова (75 килограмға дейін) және Фариза Шолтай (81 килограмға дейін) қола жүлдені жеңіп алды.

 

Бұрын гимнастшылар алтын медальді жеңіп алған

Катарда өтіп жатқан спорттық гимнастика бойынша Әлем Кубогы кезеңінде Нариман Курбанов жеңімпаз атанды.

Гимнаст аттағы жаттығуларда жеңісті иеленді. Ол шешуші сайыста Ирландияның спортшысы Риса Мак Ленаганды басып озып, 15.300 ұпай жинады. Үшінші орынды Албанияның спортшысы ЭКМ Матвей Петров иеленді.

Қазақстандық «Динамоның» басқа өкілі – Милад Карими Бакудегі (Әзербайжан) спорттық гимнастика бойынша Әлем Кубогы кезеңінде алтын медальді иеленді. Онда ол еркін жаттығулар финалында ең үздік нәтиже көрсетіп, 14.200 ұпай жинады.

Екінші орынды Украинаның спортшысы Илья Ковтун иеленсе, үшінші орыннан Райли Луус (АҚШ) көрінді.