В Усть-Каменогорске завершился зимний чемпионат Казахстана по пожарно-спасательному спорту

2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Өскемен қаласында өрт-құтқару спорты бойынша ҚР қысқы Чемпионаты өтті. «Динамо» ДШСҚ Шымкент қалалық филиалынан екі құрама команда қатысты, олар-Шымкент қаласының ТЖД және Түркістан облысының ТЖД. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан 18 ерлер және 11 әйелдер командалары қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ерлер арасында Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуде кіші сержант Казакбаев Вахиджан 3-орынды иеленді. Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтуде 1-орынды Ізбасаров Ильдар және 2-орынды Казакбаев Ильхам иеленді. Қос сайыста 1-орынды кіші сержант Казакбаев Вахиджан (Шымкент қ. ТЖД) иеленді. Оқу мұнарасының 2-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуде әйелдер арасында Түркістан облысы ТЖД Тұрсын Айдана 2-орынды иеленді. Әйелдер арасындағы жалпы командалық есепте Түркістан облысының ТЖД 2-орынды иеленді. ҚР СШ командаларының жаттықтырушылары Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғау подполковнигі Данияр Абдухаликов және ҚР СШҮ азаматтық қорғау майоры Ирисов Музаффар.