«Динамо» дене шынықтыру қоғамы Жамбыл облыстық филиалының тарихы

«Динамо» ДШСҚ Жамбыл облыстық кеңесі 1936 жылы құрылды. 1984-1994 жылдары «Динамо» ДШСҚ Жамбыл облыстық филиа­лы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарғаң динамолық ардагер В.Н. Лемещконың айтуынша, алғашқы кезде аймақтағы «Динамо» спорт қоғамының шағын ғана спорт кешенінде футбол мен волейбол алаңы, гимнастикалық тур­ник, қоссырық пен алысқа секіру секторы болған Ұлы отан соғысы жылдары майданға кеткен динамолықтарға осы жерден үйренген спорттық дайындығы мойымас жауынгер атануға көп көмегін тигізді. Майдан үшін біздің облыстық кеңесте 128 атқыш, 67 көлік жүргізуші, 46 мотожүргізуші мен 30 атты әскер дайындалды. Соғыстан кейінгі жыл­дары біздің «Динамо» облыстық кеңесінің жаңа даму кезеңі басталды. Осы уақыттары «Дина­мо» спорт қоғамының материалдық-техникалық және спорттық базаларын ұлғайту әрі нығайту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Әсіресе, динамолықтарға облыстық коммунистік партияның бірінші хатшысы И. Еділбаев көп көмек жасады. 1959 жылы динамолықтар көптеген спорт түрлеріне арналған үлкен залы, сондай-ақ, футбол мен баскетбол алаңы бар жаңа спорт кешеніне қол жеткізді. 1965 жылы жүзу бассейні салынса, 1974 жылы жеңіл атлетикалық ста­дион қолданысқа берілді. Бұл спорт нысандары түрлі спорт секцияларын дамытуға септігін тигізді. Осы игі жұмыстардың басы-қасында «Динамо» ДШСҚ облыстық кеңесінің төрағасы, облыстық ІІБ бастығы, милиция генерал-майоры Ф. Қыпшақбаев тұрған еді. Сонымен қатар, осы кезеңдерде аңшылар мен балық аулаушы- ларды дайындау және оқыту міндеті «Динамо» спорт қоғамының бір қызметі болып табылды. Осыған байланысты Білікөл көлінің маңайында аңшылыққа пайдалы демалу аймағы ашылды. Облыстық кеңес пен ІІБ жетекшілері қысқы мау- сымда ішкі істер органдарының қызметкерлері мен олардың отбасыларының арасында балық аулаудан жарыстар өткізді.

Өткен ғасырдың 70- ші жылдары облыстағы динамолық спортшы- лар халықаралық сайыстарда топ жара бастады. КСРО мен ҚазКСР намысын қорғап, шаршы алаңда атой салған Серік Қонақбаев 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері атан- ды. Біздің облыстық кеңестің, кейінгі «Динамо» ДШСҚ филиалының спорттық даму жолы оның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Әр жылдары оған өз ісінің білгірі атанған мықты үйымдастырушылар жетекшілік етті. Сол кісілердің қатысуымен облыс орталығында «Динамо» спорт кешені тұрғызылып, кейін қайта жаңғыртылды. Сол спорт кешенінде әлем мен Еуропаға әйгілі спортшылар тәрбиеленіп шықты. Олардың қатарында балуан Жақсылық Үшкемпіров, бокс- шылар — Серік Қонақбаев, Рашид Қабіров, Болат Жараров, Болат Ниязымбетов, Болат Жұмаділов; самбошылар — Қанат пен Жанат Байшолақовтар, Алмас Мұсабеков және жеңіл атлет Сергей Наволокин бар.

1980 жылы Мәскеуде өткен Олим­пиада ойындарынан бастап біздің спортшылар барлық Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Олардың арасында грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіров, бокстан Ермахан Ибраимов пен Бақтияр Артаев, футболдан Евгений Яровенко Олимпиада чемпионы атанды. Олимп шыңында күміс жүлде иеленгендер: боксшылар — Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов, Болат Ниязымбе­тов; еркін күрестен — Ислам Байрамуков. Олар 10 медаль иеленсе, оның төртеуі — алтын Алдыңғы буынның игі дәстүрін кейінгі толқын спортшылары да жалғастырып келеді. Мәселең 2008 жылғы Пекин Олимпиадасына марафоншы Тахир Мамашаев пен боксшы Бақтияр Артаев қатысты. Филиалымызда 2008 жылы болашақ жұмысымызға жаңаша серпін берген ерекше оқиға орын алды. «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалының төрағасы, ІІД бастығы әрі полиция генерал-май­оры М. Жаманбаев пен бірінші орынбасар Ш.Е. Баубаевтың бастамасымен ойын алаңдары мен жүзу бассейнінен тұратын «Динамо» спорт кешені қайта жаңғыртудан өткізілді. Ал «Динамо» спорт кешенін күрделі жөндеуден өткізу үшін облыс әкімі Б. Жексенбин облыстық бюджеттен 106 милли­он теңге бөлгізді. Нәтижесінде ескі спорт нысаны жаңаша құлпырып, заманауи талапқа жауап беретін спорттық-сауықтыру кешеніне айналып шыға келді Халықаралық жарыстар мен турнир­лер, әр спорт түрлерінен тәжірибелік-оқу семинарын өткізу үшін, сонымен қатар бокс, қоян-қолтық ұрыс, жүзу және футбол сынды спорт түрлерінен оқытушылар мен жаттықтырушы нүсқаушыларды қайта дайындау үшін жақсы жағдай жасалды.  2016 жылы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Т. Маткеновтың бастамасымен «Динамо» спорт кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, кешен аумағында заманауи талаптарға сәйкес келетін футбол алаңдарын, жағажай волейболы алаңы, теннис корты салынды.

2000-шы жылдардан бастап филиалымыздың спорттық өмірінде айрықша оқиғалар орын алды. Халықаралық ареналарда ел намысын биік дәрежеде қорғап жүрген спортшылар есімі жарыққа шықты. Мысалы, 2004 жылы Афины Олимпиадасында Бақтияр Артаев алтыннан алқа тағынып, Баркер Кубогін иеленді. Елдос Сметов дзю-до күресінен Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, Гран-при турнирларының бірнеше дүркін чемпионы, әлемдік рейтингте өз салмағының 1-ші номерлі спортшы. Ыстыбаев Бейбіт 3 дүркін Қазақстан барысы турнирінің жеңімпазы.  Руслан Жапаров таэквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері, Рио олимпиадасында туымызды ұстап шыққан спортшы. Асланбек Шымбергенов  Азия ойындарының күміс жүлдегері, Астана Арланс командасы сапында әлемдік бокс сериясының 2-дүркін жеңімпазы, Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.

Әлемдік және Республикалық додаларда ішкі істер органдары қызметкерлері де топ жаруда.  Полиция аға лейтенанты Т. Мамашаев 2008 жылғы Пекин Олимпадасына қатысса, капитан Т. Сейсенов гимнастикадан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Полиция аға лейтенанты Н. Махамбетов қоян- қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанса, Харьковте өткен әлем чемпионатында күміс медаль алды. Полиция аға лейтенанты Н. Рысбаев Одессада өткен экстермальды ұрыстаң сонымен қатар қоян-қолтық ұрыс пен таэквондодан өткен халықаралық турнирден күміс жүлде иеленді. Смағамбетова Ақтолқын самбо күресінен Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, полиция лейтенанты Тілегенов Мұхамеджан кикбоксингтен 2 дүркін әлем чемпионы,  полиция капитаны Сүлейменов Ерік жауынгерлік самбодан әлем кубогі этапының күміс жүлдегері, полиция лейтенанты Түкекбаев Ержан Самбо күресінен Монғолияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге иеленді. Облыстық Полиция департаментінің  динамолық құрама командасы 2016 жылы өткізілген ҚР ІІМ-мен Динамо ДШСҚ ҚБ салалық чемпионаттардың қорытындысы бойынша  5 орынға жайғасты,  2017 жылы 3 орын иеленді,  ал 2018 жылы өз тарихымызда алғаш рет 1 орын иелендік.

 

 

 

 

 

 

 

Партнеры
Видео