Оралда балалар күніне арналған сайыс ұйымдастырылды

Мамырдың 31-і күні Халықаралық балалар күніне орай Батыс Қазақстан облысының «Динамо» дене шынықтыру қоғамы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылындағы және Щапово ауылының жалпы орта білім беретін мектептерімен бірлесе отырып, «Ауыл ХХІ ғасыр» атты спорттық шара ұйымдастырды. Шара БҚО ПД, аудан әкімінің және мектеп әкімшілігінің қолдауымен өткізілді.

Іс-шараның ашылуында «Динамо» спорт қоғамы бастығының бірінші орынбасары Ставкин Павел Евстафьевич, ІІО ардагері С. Кенжегалиев, Көшім ауылдық округінің әкімі А.Баянова, Бәйтерек АПб бастығы Р.Қадыров,Үлкен Шаған ауылындағы ЖББОМ директоры Б.Ислямова сөз сөйлеп оқушыларға сәттілік тіледі.

Акцияға Үлкен Шаған, Щапов, Батурин, Көшім, Өркен, Ақжайық, Бәйтерек ауылдық мектептерінен 81 оқушыдан жеті «жас динамошылар» тобы құрылды.  Қатысушылар жеңіл атлетика, спорттың ауыр түрінен (армреслинг) және туризм бойынша, сондай-ақ, бозбала мен бойжеткен қыздар арасында велосипедті басқара отырып, тап келген қиындықтардан өте білу сайысына қатысты.

Сайыс кезінде оқушылар бар ынта-жігерлерімен қатысып, жеңіске деген құлшыныстарын көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей тәртіппен берілді:

 Жалпы командалық есеп бойынша:

І орын Щапов ауылындағы ЖББОМ командасы;

ІІ орын Үлкен Шаған ауылындағы ЖББОМ командасы;

ІІІ орын Өркен ауылындағы ЖББОМ командасы иеленді.

Туристік техника бойынша: 

Щапов ауылы ЖББОМ командасы.

 

4х100 метр эстафетада:

Щапов ауылы ЖББОМ командасы.

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша:

Құлжабек Жандос Щапов ауылы ЖББОМ

Қыздар арасында: Мұған Назерке Шаған ЖББОМ

 Спорттық бағдарлау бойынша: Жарылғасов Әділхан Щапов ауылы ЖББОМ. Қыздар арасында: Ибраева Карина Щапов ауылы ЖББОМ

 

Шағын футбол ойыны бойынша:

І орын Өркен ауылындағы ЖББОМ командасы иеленді. Аталған спорттық шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін Үлкен Шаған ауылындағы ЖББОМ директоры Ислямова Ботакөз Шағиқызы және  Щапово ауылдық ЖББОМ директоры Бақтығалиева Аймекен Бақтығалиқызы алғыс хатпен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар өздерінің тарапынан салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауылдық жерлерде спорттық шаралар ұйымдастыруда моральды және материалды тұрғыда көмек көрсеткендері үшін «Динамо» спорт қоғамы бастығының бірінші орынбасары Ставкин Павел Евстафьевичке және полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сайыс жүлдегерлері «Динамо» спорт кешені атынан дипломдармен, грамоталармен, спорттық киімдермен, туристік жабдықтармен марапатталды және сайыс соңында «Доценко» және «Есен» шаруа қожалығының демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды. Балалар өз мерекелерін сезінгендей қуанып, мәз болысып  үйлеріне тарады.