Күзет саласының мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру

 

 

 

 

 

«Динамо» ДШСҚ мамандандырылған оқу орталығының күзет саласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына ие лицензиясы бар. Барлық қалалық және облыстық орталықтарда «Динамо» МОО бөлімшелері жұмыс істейді.

«Динамо» ДШСҚ МОО  жеке күзет ұйымдарының басшыларын, күзетшілерді, бейнебақылау операторларын, күзет қызметінің инспекторларын даярлайды және мамандардың біліктіліктерін арттыру ісін жүзеге асырады.  Тәжірибелі және білікті мамандар Сізге жұмыс үшін қажетті білімнің толық курсын ұсынады.

Оқу орталығында жеке күзет ұйымдарының қызметіндегі нормалар мен құқық қолдану практикасын үйренесіз. Тәжірибелі оқытушылар тыңдаушыларды жоғары кәсіби деңгейде оқытады.

Оқу орталықтарының аумағында:

  • сабақтарды өткізу үшін әдістемелік және көрнекі құралдармен, әдебиетпен және оқытудың техникалық құралдарымен (теле-бейнеқұралдармен) жасақталған оқу сыныбы;
  • тапаншалар мен атыс қаруларынан практикалық атыс жүргізуге арналған атыс тирі;
  • күштік дайындыққа арналған қажетті тренажерлармен жабдықталған жауынгерлік күрес тәсілдерін үйренуге арналған спорт залы бар.

Жыл сайын «Динамо» МОО – да оқитын күзет ұйымдарының қызметкерлері арасында спартакиада өткізіледі.  Біздің мақсатымыз-жеке күзет қызметі үшін жоғары білікті кадрлар даярлау.

Курс аяқталған соң тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі:

— жеке күзет құрылымдарының басшыларын даярлау туралы куәлік;
— басшылардың біліктілігін арттыру туралы куәлік;
— күзетшіні дайындау туралы куәлік;
— күзетшінің біліктілігін арттыру туралы куәлік;
— жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша күзетшілерді даярлау туралы куәлік;
— жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша күзетшілерді жоғарылату туралы куәлік;

Біздің басымдықтарымыз:
* Сапа.
* Тендерлерге толық пакет.
* Жеделдік.
* Тәжірибелі оқытушылар құрамы.
Қызметтердің бағасы келісілген!
 +7(727)272 11 90  Тел.Факс
 +7(727)267 40 87  Тел. 
 +7(777) 585 4978   Орталық басшысы Жұманов К.Ш.
 +7(707) 723 56 36  Бастықтың орынбасары Тойпасов Т.М.