Үйлестіру кеңесі

Динамолық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты жақсарту мақсатында 2002 жылы Халықаралық үйлестіру кеңесі құрылған. Қазіргі уақытта бұл кеңестің жұмысына 16 елдің спорт ұйымы қатысуда, тағы 3 мемлекеттің мүшелікке өтуі жөнінде сұрақтар қаралуда.

Халықаралық үйлестіру кеңесіне қатысушы елдер арасында динамолық командалардың қатысуымен біріккен спорттық шаралар өткізу жоспарлары,  қолданбалы қызметтік спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу шешімі қабылданған.

Қазақстан Халықаралық үйлестіру кеңесі қатарына 2007 жылы кірген болатын. Содан бері қазақстандық динамошылар осы кеңестің шеңберінде ұйымдастырылған көптеген халықаралық турнирлерге қатысып келеді. Мәселен, Уфа, Жаңасібірде бокстан өткен турнирге, Мәскеу мен Санкт-Петербургта болған футбол сайысына және Ұлан-Батыр мен Тверде дзюдо өткен додаларға қатысты.

2010 жылы Қазақстандық «Динамоның» құрылғанына 85 жыл толуына орай Халықаралық үйлестіру кеңесінің мүшелері Алматыда бас қосып, оған 12 елден делегаттар келді.

Жалпы, Италия, Болгария, Румыния, Ангола, Молдова, Моңғолия, Ресей, Украина, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің Ішкі істер министрлігіне қарайтын спорт қоғамдары мен клубтарының бәрі – «Динамо» ұйымына мүше.

IMG_7433IMG_7441IMG_7449
IMG_7465IMG_7507IMG_7593
 IMG_7603