«Динамо» ДШСҚ Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының кубогы үшін шағын футбол

Ақтөбеде құқық қорғау органдарының ардагерлері арасында «Динамо» ДШСҚ Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының кубогы үшін шағын футболдан жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Ақтөбе» футбол клубының ардагерлер командасы, екінші орынды «Динамо» командасы және үшінші орынды ҰҚК командасы иеленді.