Жамбыл облысында Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, мемлекеттік қайраткер, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Мұратбай Жолдасбаев, облыстық ПД консультативтік-кеңесші органының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бастығы Марат Ирменов, Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Қайрат Қармандаев, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Теңізжан Жәнібеков, Ғазиз Байтасовтың ұлдары Арманжан және Әділжан қатысты.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт кешенінде Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтті. Шараны Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдастырды. Спорттық іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Үздік атағы үшін 10 команда бақ сынасты. Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды ҰҚКД командасы, 2 — ші сатыға «Қазфосфат» ЖШС командасы, 3 — ші орынға полиция департаментінің командасы, 4-ші орынға Төтенше жағдайлар департаментінің командасы ие болды.