Волейболдың адам денсаулығына пайдасы зор екенін білесіз бе?

Волейбол ойнағанда тыныс алу жүйесі жақсарып, бүкіл бұлшық етің жаттығады, сіңірлерің мен буындарың нығайып, дене бітімің сымбатты бола түседі.
.Президент күні қарсаңында Орал қаласында тәртіп сақшылары арасында волейболдан жарыс болып өтті. Барлығы оқ бойы озық сақшылардан жасақталған 8 команда, 50 ден аса қызметкер бақтарын сынады. Командалардың ойыншылары,шабуылдаушылары, әуеде ұшып келе жатқан допты келесі ойыншыға еппен бағыттайтын байланыстырушылар келісті ойын өрнегін көрсете білді. Жарыс қорытындысында Орал қ.ПБ айдауыл қызметі взводынан Аслан Акмурзин «Үздік байланыстырушы» номинациясын жеңіп алды. Орал қ.ПБ Патрульдік полиция баталонының қызметкері Жанибек Серіков «Үздік шабуылшы», Абай Пб қызметкері Азамат Тұрлыбаев «Үздік либеро» номинацияларына ие болды. Сонымен қатар, «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамы атынан естелік сыйлықтар мен спорттық костюмдер тапсырды.