Нұр-Сұлтан қалалық «Динамо» спорт қоғамы жеңіл атлетикадан жарыс өткізді

Нұр-Сұлтан қаласында  «Динамо» спорт қоғамының қалалық қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен  жеңіл атлетикадан жарыс болып өтті. Жарысқа 9 команда қатысты: Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі, Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті, Көліктегі полиция департаменті және Ұлттық ұлан командалары қатысты. Жарыс қортындысы бойынша 1-орынды Ұлттық Ұлан командасы, 2-орынды Полиция департаментінің командасы, ал 3- орынды Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға «Динамо» спорт қоғамының  медальдері мен мақтау қағаздары  табысталды.