Тәртіп сақшылары – чемпиондар!

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы П. Атоян атындағы «Достық» стадионында Жастар жылына арналған ҚР Құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында    ҚР  ІІМ чемпионаты және Президенттік көпсайыс бойынша «Динамо» ДШСҚ ОК VIII Республикалық ведомствоаралық Спартакиадасы аяқталды.

Оған ҚР ІІМ, ҚР ІІМ МКҚБ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, сондай-ақ облыстық Полиция департаменттерінен 14 құрама қатысты. Көпсайысшылар үш күн бойы жауынгерлік қарудан ату, еркін стильмен жүзу, орнынан ұзындыққа секіру, граната лақтыру және қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру бойынша жарысты. Барлық қатысушылар жауынгерлік рухты, шыдамдылықты, күш пен жеңіске деген ерік-жігерді, шапшаңдықты және ептілікті көрсетті. «Динамо» ДШСҚ  Спартакиадасының қорытындысы бойынша ҚР ІІМ командасы 1259 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Екінші орынды 1133 ұпаймен ҚР Ұлттық ұланның командасы иеленді. 1099 ұпай жинаған ҚР ІІМ МКҚБ командасына құрметті үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. ҚР ІІМ чемпионатында Полиция департаменттерінің командалары арасында Президенттік көпсайыстан Солтүстік Қазақстан облысы ПД командасы алға  шықты. Екінші орынды Қарағанды облысы  Полиция департаментінің тәртіп сақшылары белсенділікпен иеленді. Республикалық жарыстарды ұйымдастырушылар – Батыс Қазақстан облысының ПД командасы құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Жеке жарыстарда төрт жас категориясында ҚР ІІМ МКҚБ қызметкерлері Дмитрий Шварц пен Темірхан Кемалов, Ұлттық ұланшы Руслан Есқалиев пен  ҚР ІІМ-нен Сергей Шумков жеңімпаз атанды.

Жеке жарыстардағы командалар, жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен,  «Динамо»  ДШСҚ-ның және   ҚР ІІМ-нің  сыйлықтарымен марапатталды.