Қанжығада қос жолдама

Қанжығада қос жолдамаТаэквондодан Филиппиннің Манила қаласында өткен Азия құрлығы бойынша Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде екі бірдей динамолық ару лицензияға қол жеткізді. Қарсыластарын қапы қалдырып, ақтық кезеңге дейін өткен Жансель Дениз бен Айнұр Есбергенова WTF іріктеу турнирлерінің ережесіне сәйкес Олимпиада ойындарының жолдамасын иеленді.

Түркияда туып-өскенімен 2014 жылы Қазақстанның азаматтығын алған Жансель Таэквондодан Филиппиннің Манила қаласында өткен Азия құрлығы бойыншаДениз ширек финалда қазақстандық спортшы пәкістандық қарсыласын 19:0 есебімен ойсырата ұтты. Жартылай финалда Дениз Вьетнамнан барған спортшымен тартысты кездесу өткізіп, «алтын ұпай» бойынша келесі кезеңге өтті. Финалда өзбекстандық Нигора Турсункуловамен жолы түйіскен жерлесіміз турнирдің жеңімпазы атанды әрі Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын қоржынына салып қайтты. Ал 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айнұр Есбергенова жартылай финалда вьетнамдық таэквондошы Ви Ким Туенден үздік шығып, финалға жолдама алды. Ақтық кезеңде тайпейлік Хуанг Хсуаннан жеңіліп, екінші орын алды. Дегенмен, финалға шыққан жерлесіміз Олимпиада ойындарының лицензиясын еншіледі. Қазіргі  таңда №1 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшыға Николай Курноскин тәлім береді..