Әр кезеңде – марапаттардан шашу!

Индианаполисте (АҚШ) жүзуден Champions Swim Series әлемдік турнирінің қорытынды кезеңінде динамолық жүзуші Дмитрий Баландин 1 күміс және 3 қола медальға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік: Қытайдағы Champions Swim Series халықаралық біліктілік турнирінің бірінші кезеңінде біздің жүзуші, Олимпиада чемпионы Токио-2020 олимпиадасының екінші лицензиясының иегері атанды.

Екінші кезеңде Будапештте ол: 200 метр брасспен және 4 х 100 метр аралас эстафетада екі қола медаль жеңіп алды.