Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат

Өскеменде ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өтті. Облыстар,  Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан, Көкшетау техникалық институты мен Қызылорданың Абылайхан атындағы колледжінен 19 командадан 364 спортшы үздік команда және біріншіліктегі көрсеткіштер үшін тіресетін болады. Өрт сөндіру-құтқару спорты бұл тек қана қызықты көрініс емес, бұл өрт сөндірушінің батыр мамандығын танымал ету.

Қысқы чемпионат XXVIII ерлер арасында, VI әйелдер арасында және  V рет жасөспірімдер арасында  өтуде. Қысқы чемпионат 2 түрден тұрады: оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатымен шығу және кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту.

Шабуыл сатымен жүгіру қорытындысы бойынша ерлер арасында үздік мынадай: 3 орын – БҚО-дан Агафонов Дмитрий, 2 орында – Атырау облысынан Қайсарбеков Жасұлан және 1 орында Атырау облысынан Буторин Николай.

Ерлер командасынан кейін жасөспірімдер бастау алды. Аға топтағы 3 орында БҚО-дан Бақтығалиев Мейрасыл, 2 орында ШҚО-дан Лунин Даниил, 1 орында – маңғыстаулық Құсманов Дәурен болды.

Орта топта құрмет тұғыры ШҚО-да болды. Әбілбаев Дінмұхамед жарысты нық сеніммен жұлып алды, 2 орында Кизаев Ильяс пен 3 орынды Коршак Виктор бөлісті.

Кіші топта ең жылдам Авилов Эльдар болды, ол жеңіп қана қоймай қазақстанның жаңа рекордын орнатты, оқу мұнарасының 2 қабатына 7,39 секундта шықты. Қазақстанның бұрынғы рекорды – 7,40 сек. 2 орынды Атыраулық Қайсарбеков Арғын және 3 орынды ШҚО-дан Дудник Иван иеленді.

Соңында қыздар жарысы басталды. Қазақстанда әйелдер спорты дамығанына көп болған жоқ, алайда нәзік қыздар көп нәрсеге қабілетті екендігін дәлелдеді.

2013 жылы Оңтүстік Кореяда өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатында ең алғаш рет қыздар командасы ұсынылған болатын, ол Қазақстаннан болды. Қыздар ол кезде өз мүмкіндіктерін көрсетті, онда аталмыш спорт түрінің тек қана ерлерге ғана арналмағанын дәлелдеді. Жыл сайын қыздар командасының жарысқа қатысуы туралы өтініштердің көбейгені қуантарлық жайт.

Қыздар оқу мұнарасының 2 қабатына көтерілді.  Бұл түрде Ақмолалық Астафьева Анастасия жеңімпаз болды, 2 орында Түркістандық Өмірғалиева Назерке және құрмет шеңберін бекіткен Ақбөбелік Бекмухамбетова Виктория болды.

Қыздар кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтіп Чемпионаттың екінші кезеңінен де өтті. Бұл түрде көшбастаған Гептина Елена Нұр-Сұлтан қаласынан, 2 орында Тұрсын Айдана Түркістан облысынан және 3 орында Аставьева Анастасия Ақмола облысынан иеленді.

VI әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат  аяқталды. Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңісті Шымкент қаласынан иемденді, 2 орынды Нұр-Сұлтан қаласы және 3 орынды ШҚО қыздары иеленді.