«Әкем, анам және мен» отбасылық эстафетасы

Алматы қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылары Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әке, ана, мен — спорттық отбасы» спорттық мерекесіне қатысты. Мерекені Алматы қаласының полиция департаменті мен » Динамо » ДШСҚ Орталық кеңесі ұйымдастырды. «Динамо» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі, ол құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері өз отбасыларымен бірге спортпен шұғылданатын іс-шараларды өткізудің қаншалықты маңызды екеніне назар аударып, қатысушыларға спорттық табыстар тіледі. Мерекенің салтанатты ашылуына Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қатысты. Спортшы халықаралық жарыстардағы жеңісінен алған өз әсерлерімен бөлісті және барлығына сәттілік, жақсы көңіл-күй тіледі. Сондай-ақ спортпен шұғылданудың тек денсаулыққа ғана  емес, өмірден өз орныңды табу үшін де пайдасы зор екендігін айта келе,  балаларды спортпен айналысуға шақырды.  Эстафетаға 10 отбасылық команда қатысты. Балалар мен олардың ата-аналары спорттық сайыстар мен эстафеталарға белсене қатысты. Сайыстар өте қызықты, әрі тартысты өтті.  Эстафетаның қорытындысы бойынша 1 орынды Алмалы ауданының «Арлан» командасы, 2 орынды Алатау ауданының «Бүркіт» командасы, 3 орынды Түрксіб ауданының «Айбын» командасы иеленді.