Тағылымды шеберлік сабағы

2c830848243ad63a52bfeed3bd4314ecДинамолық спортшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының спорт кешенінде студент жастар ортасында шеберлік сабағын өткізді.

Аталмыш оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанның айтуынша, ТарМПИ-дың 50 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараға күреске қызығушылық танытып жүрген оқу орнының студенттері қатысқан. «Татами төрінде  шашасына шаң жұқпаған балуан волейбол, тренажер және бокс залдарында түрлі оқу-жаттығу сабақтарымен танысты. Ал, күрес залында Елдос Сметов балғын балуандарға дзюдодан шеберлік сыныбын өткізіп, бірнеше әдіс-тәсілдерді көрсетті», — деді ол. Оның сөзінше, студенттер Елдостың әрбір қимыл-қозғалысын мұқият бақылап, айтқан ақыл-кеңестерін зейін қойып тыңдады. Сонымен қатар спорт шебері жастармен сұхбаттасып, олардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді. Шеберлік сыныбының соңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы Олимпиада жүлдегеріне оқу орны ұжымының атынан 3f67ded261d45b3c476c10727642f53dалғысын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті.

Есімі әлемге мәшһүр спортшының әр қадасы кейінгі жастарға үлгі-өнеге болып, олардың көкейлеріндегі үміт отын жағатыны сөзсіз. Себебі, Елдос Сметов дзюдодан 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Ал Рио Олимпиадасында 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық балуан әуелі ливиялық Элкабиса Мухамед Эльхадиді жеңсе, артынан ұлыбританиялық Эшли Маккензиден және өзбекстандық Диорбек Урозбаевтан қапы қалдырды. Жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Сафаровты бұйым құрлы көрмесе, финалда ресейлік Беслан Мудрановпен күресті. Аса тартысты өткен белдесуде қос қарсылас негізгі уақытта тең шығып, қосымша кезеңде Ресей спортшысы басым түскенеді. Сол бір сәт өзегімізді өртегенімен даңқты ұлдың күміс жүлдесі біз үшін алтынмен тең.