Қанжығасында қос қола медаль

Қазақстандық спортшы, динамолық шаңғышы Анна Шевченко Алматы қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында екінші қола медліне қол жеткізді. Ол қаңтардың 31-і күні қыздар арасындағы 5 шақырымға із қуып жарысудан үшін болып келді. Бұл жолы да  ресейлік Анна Нечаевская мен Лилия Васильевна жерлесіміздің алдын кесіп, бірінші және екінші орындарды иеленді. Естеріңізге салсақ, жерлесіміщ бұған дейін 30-шы қаңтар күні жекелей жарыста қоладан олжа салған болатын.