Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша оқыту

«Динамо»  спорт қоғамында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді оқытудан өтуге шақырады. Оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлерді және инженерлік-техникалық қызметкерлерді және тиісті біліктілігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі мен оқудан және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар ірі өнеркәсіптік ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарын тарта отырып жүргізіледі. Оқу бағдарламалары ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органмен келісіледі.

Оқудан сәтті өткен тыңдаушыларға үш жыл қолдану мерзімімен белгіленген үлгідегі Сертификат және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы беріледі.

 Оқу ақысы келісімді!!
      +7(727)272 11 90      Тел.Факс
      +7(727)267 40 87      Тел.
      +7(777) 585 4978      Оқу орталығының бастығы Жұманов Қ.Ш.
      +7(707) 723 56 36     Бастықөтың орынбасары Тойпасов Т.М.

Серіктестер
Видео