«Жетім көрсең жебей жүр» деген қағиданы ұстанған «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы» 1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайрымдылық шарасын өткізуді де естен шығарған емес.
Жыл сайын әр облыстың Ішкі істер департаментімен біріге отырып, дәстүрлі түрде «Динамо» – Қазақстан балаларына…» атты мерекелік шарасын өткізіп отырады.
Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – болашақ жастарымыз бен жасөспірімдерімізге қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету. Сондай-ақ нашақорлыққа жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, отанға деген сезімдерін арттыру. «Жетіміңді жылатпа» деген қазақта қанатты сөз бар, міне осы мақсатта бұл іс-шара жылда «Динамо» спорт қоғамы мен ІІД-нің ұйымдастыруымен бүкіл республика көлемінде жүргізіліп келеді.
Тағы бір айта кетерлігі бұл шара Республика бойынша барлық облыста бір мезетте аталып өтіледі.
Қайырымдылық шарасына балалар үйінің тәрбиеленушілері, Ішкі әскери бөлімше қызметкерлерінің, ауған соғысы ардагерлерінің, қаза тапқан ішкі істер органдарының балалары және отбасылық жағдайы аз қамтылған жеткіншектер қатысады.
Мерекелік шара барысында балалар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, концерттік бағдараламалармен сүйемелденіп отырады. Сондай-ақ барлық балаларға сыйлықтар мен спорттық киімдер табысталады. Бір мезетте Республика бойынша өтетін бұл шара 3 мыңға жуық баланы қамтиды.