Атырау қаласында «Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойына орай облыстық Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында бильярдтан турнир өткізілді.
Тартысты өткен сайыста облыстық ІІД ҰҚҚКБ-ның командасы жеңіске жетті. Екінші орынға облыстық ІІД Анықтау басқарма командасы тұрақтаса, үшінші орын үшін болған таласта облыстық ІІД ӨҚБ-ның командасына сай келетін ешкім табылмады. Сонымен қатар, тастаяқ шеберлері арасында үздік қырымен танылған полиция полковнигі Сембай Жапақов «Үздік ойыншы» деп танылды. Жарыс жеңімпаздары кубокпен, мақтау қағаздарымен марапатталды.