Мергендер сайысы

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің және «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2013 жылы 16 тамызда   Талдықорған қаласы №-5514 әскери бөлімінің полигонында Алматы облысының ІІД жеке құрамы арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша облыстық біріншілік өткізілді.

Жарысқа 19 команда қатысып, өздерінің біліктіліктерін көрсетті. Тағы бір айта кететіні, бұл жарыс Қазақстан Республикасы ІІМ 2013 жылғы 27 ақпандағы №149 бұйрығына сәйкес Макаров тапаншасынан  (№-1 жаттығу) және Калашников автоматының (№3 жаттығу) бойынша өтті. Шара барысында жарысқа қатысушыларға қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау жүргізілді.

Жарыстың қорытындысына тоқталар болсақ, Макаров тапаншасынан ату бойынша топ жарғандар:

Ерлер:

І орын – Қарасай АІІБ-ның қызметкері полиция майоры А.Сухно;

ІІ орын – Жамбыл АІІБ-нің қызметкері полиция аға лейтенанты Е.Канапин;

ІІІ орын – Қаратал АІІБ-нің қызметкері полиция аға сержанты С. Байгозинов.

Әйелдер:

І орын – Талдықорған ҚІІБ-ның қызметкері полиция капитаны С.Жақсенова;

ІІ орын – Қаратал АІІБ-нің қызметкері полиция капитаны А.Мухамадиева;

ІІІ орын – Талғар АІІБ-ның қызметкері полиция подполковнигі А.Бейсембаева.

Калашников автоматынан  ату бойынша:

І орын – ІІД ЖПБ-ның қызметкері полиция капитаны  М. Қалиасқаров;

ІІ орын – Ұйғыр АІІБ-нің қызметкері полиция аға сержанты А.Мұқанов;

ІІІ орын – Қапшағай ҚІІБ-нің қызметкері полиция майоры К.Тоқтыбаев.

Жалпы командалық есепте 1, 2, 3 орынды келесі ішкі істер бөліністері иеленді. 

І орын –  Жамбыл АІІБ;

ІІ орын –  ІІД Жол полициясы басқармасы;

ІІІ орын – Еңбекшіқазақ АІІБ.

Жарыстын қорытындысы бойынша жүлделі орын алған қызметкерлер кубок, грамота  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

DSC_0005DSC_0015DSC_0019
DSC_0020DSC_0101