«Динамо» ДШСҚ-ның ЖАҢА ЖОБАСЫ

«Ұлы дала сақшылары»  жобасы бойынша 2019 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласының «Динамо» ДШСҚ Орталық кеңесінде «Рухани Жанғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы және Жастар жылы аясында балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында «Ұлы дала сақшылары» атты жаңа жобаның басталуына арналған дөңгелек үстел өтті.«Динамо» ДШСҚ-мен бірге жобаның бастамашылары: Алматы қаласы Ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесі және Алматы қаласының Ұлттық ұланы мен Полиция департаменті. Дөңгелек үстелдің жұмысына,  сондай-ақ қалалық құрылымдардың өкілдері: Төтенше жағдайлар департаменті, Қорғаныс істері департаменті, ЖПҚ басқармасының ювеналды полиция бөлімдері, Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының Алматы қаласы Білім Басқармасы  «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы», сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, ҚР ҰҚК  ШҚ және ҚР ІІМ Академиясы  және қаламыздың басқа да оқу орындарынан барлығы 35 адам қатысты. Жоба білім беру мекемелерінің, «Динамо» ДШСҚ  филиалдарының, құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнайы құрылымдары, олардың ардагерлер кеңестерінің, жастар, спорт және басқа да мүдделі ұйымдардың күш-жігерін жасөспірімдер мен жастарды құқық қорғау және күштік блок құрылымдарында одан әрі қызмет етуге кәсіби даярлау бойынша біріктіруге бағытталған. «Ұлы дала сақшылары» жобасының мақсаты – оқушылар мен студенттерге елімізде қауіпсіздік пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз ететін ҚР Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, Шекара қызметі және басқа да күш құрылымдарын күзет мамандықтарын таңдауда көмек көрсету бойынша алаң құру. Кездесу барысында қатысушылар жалпы білім беретін және спорт мектептерімен, колледждермен, әскери лицейлермен құқық қорғау және әскери кәсіптердің беделін арттыру бойынша өзара іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасты.Алматы қаласы ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Сағынжан Байболұлы Асыл-Кеней Рухани Жаңғыру және Жастар жылы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қаланың оқу орындарында жүргізіліп жатқан көп жоспарлы жұмыстар туралы айтып берді. Осы тәжірибенің кәсіптік бағдарлы және тиімділіктегі құндылығына ағымдағы жылдың басынан бері Ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша жұмыс істеу және қызмет ету үшін әр түрлі құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарына 15 адам жіберілді. Алматы қаласы Полиция департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Әзірбек жобаның ауқымдылығы, өзектілігі және осы жұмысқа интернет кеңістіктерін, блогерлерді барынша тарту қажеттігін атап өтті. Жастар ортасында жобаны әлемдік танымал ету оның ұйымдастырушылары мен қатысушыларының имиджін, беделін арттыруға қызмет етеді. ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының басшылығы (полковник П. К. Поливанов) және Академияның ардагерлер кеңесі (полковник В. Г. Анацкий) көп жылдар бойы «Киров» жастар клубында қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жұмыс жүргізіп келеді. «Кировцев» өмір мектебінен жүздеген тәрбиеленуші өтті, олардың ішінде әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан жасөспірімдер аз емес деген ойларымен бөлісті. Бейнеконференция форматында «Динамо» ДШСҚ Шымкент қалалық филиалының (филиал төрағасы полиция полковнигі              Е. Жұмаханбетов) балаларға арналған «Жас бүркіт», авиамодель, өрт-құтқару спорттық үйірмелерін ұйымдастырудағы тәжірибесі туралы білу өте қызықты болды,  ал «Workout street» 200-ден астам тәрбиеленушінің ерте кәсіби дағдыларын дамытады екен. Бұл кешенді жұмыс жоба шеңберінде жалпылауға лайық. Осы тәжірибе негізінде ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2019-2020 жылдар аралығында Алматы қаласының 20 мектебінде «Жас бүркіт» мамандандырылған оқу сыныптарын ашуды жоспарлап отыр. Дөңгелек үстелге қатысушылар қалалық Қорғаныс департаменті бастығының орынбасары Рамиль Рахымжанов пен әскери-патриоттық «Жас Сарбаз»  қозғалысының төрағасы Абылай Серіктің сөздерінен Республикалық қоғамдық бірлестік  «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тұсаукесерімен танысты.    Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының Алматы қаласы Білім Басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» басшысы Елнар Назаров болашақ офицерлердің дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін: логиканы, құқықтық сауаттылықты, дене және психологиялық төзімділікті, өзін-өзі қорғау мен командалық өзара іс-қимылды дамытудың, бекітілген нормативтер бойынша кешенді оқу-спорттық жарыстарды, эстафеталар мен викториналарды ұйымдастыру мен өткізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтқан ойын, ҚР ІІМ Алматы академиясының жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Мырзабеков одан әрі дамытып, нықтап, жобаның арнайы әзірленген нышандарын: логотип, белгілер, медальдар, грамоталар және т. б. пайдалана отырып, жас санаттары бойынша жарыстар мен викториналар өткізуді ұсынды. Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов «Өрт сөндірушілердің жас досы» қозғалысының үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қалалық мектептердің 300-ден астам оқушысымен айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт секцияларының жетістіктері туралы айтып берді. Жарыстар аудандар бойынша мектептер арасында өткізіледі. Талқылау барысында мектеп оқушылары мен студенттердің психологиялық дайындығының мәселелері бойынша Жастар ресурстық орталығының психологы Сақыпжамал Абдулова өз жұмысының тәжірибесін жүйелеп жалпылады. Ол жастардың құқық қорғау саласындағы қызметке бейімділігі мен қабілетін анықтау мақсатында тестілеуді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Алматы қаласы ЖПҚ басқармасының ювеналды полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Светлана Нұрбекова өз сөзінде  ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдер арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктерін айтты. Алматы Сән және дизайн колледжі «Жас Динамо» спорттық лигасының өкілдері Жеңіс күніне арналған оқу топтары арасында жыл сайынғы «Даңқ мұрагерлері» әскери-спорттық ойынын өткізу тәжірибесін таныстырды. Ол бағдарламаға саптық әндер мен дайындық конкурстары, әскери-спорттық жарыстар енген. «Ұлы дала сақшылары» жобасының ұйымдастырушылары кәсіби резервті даярлауда – оның мектеп, гимназиялар, колледждер, сондай-ақ әскери білім беру лицейлері оқушыларының физикалық, патриоттық, құқықтық және эстетикалық тәрбиесі арқылы кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын көріп отыр. Жобаны іске асыру барысында балалар мен жастардың олимпиадалық, қызметтік-қолданбалы және ұлттық спорт түрлерін танымал ету, сондай-ақ спорттық викториналар, эстафеталар мен отбасылық старттар өткізу арқылы дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тұрақты қызығушылығына қол жеткізу аса маңызды. Осы жобаны «Динамо» ДШСҚ-ның барлық аумақтық филиалдары қолдады, оның құрамына еліміздің көптеген құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнайы құрылымдарының өкілдері кіреді.