Бүгін ҚР ІІМ жобасы, Ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесі және «Динамо» қазақстандық дене шынықтыру-спорт қоғамының «Бақытты балалық шақты қорғау жобасы аясында Жастар жылына арналған «RÝH – MARAFON» республикалық патриоттық әскери-спорттық мерекесі өтті. Біздің іргелі «Динамо» стадионы таңертеннен бастап балалардың жарқын дауысы мен сыңғыр күлкісіне толы болды. Балдырғандардың шат-шадыман көңілі мерекелік музыканың дыбысына ұласты. «Динамо» ДШСҚ-на Алматы қаласынан жас динамошылардың, Алматы клубтарынан салтанатты түрде кадеттердің, мәдени-демалыс орталықтарының балалары мен жасөспірімдерінің легі ағылды. Салтанатты шеруді Алматы қаласы Полиция департаментінің ту ұстаушы тобы мен үрмелі оркестрі ашты. Қатысушылар колоннасының көшін атақты қазақстандық спортшылар Олимпиаданың күміс жүлдегері – Дәулет Тұрлыханов, Олимпиаданың күміс жүлдегері – Виктор Демьяненко және Қазақстанның табысты жас спортшылары: Олимпиада ойындары, ватерполшы, су добы ойыншысы, Олимпиада чемпионы – Сергей Котенко, Азия жүлдегерлері және чемпиондары жеңіл атлетшілер: Ольга Сафронова, Рүстем Әлмағамбетов және Андрей Соколов бастады. «RÝH – MARAFON» мерекесіне қатысушыларды динамолық дәстүр бойынша атақты спортшылар мен тәртіп сақшылары: палуан, Олимпиаданың күміс жүлдегері – Дәулет Тұрлыханов, Алматы қаласының Полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков, қалалық ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Сағынжан Асыл-Кеней құттықтап, жас ұрпақты нағыз ұлтжанды, құндылықтарды қастерлей білетін, салауатты өмір салтын ұстанып, елінің нағыз патриоты болып өсуге шақырды. Балдырғандарға нағыз қуанышқа толы алаңсыз балалық шақты тіледі. Балалардың күлкісі сыңғырлап, аспанда шарықтасын деген өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Ал мерекенің ойын-сауықтық шаралар бөлігінде – Полиция департаментінің ЖӘАЖ мен Алматы қ. ТЖД құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жасағы қызметкерлерінің, «Арыстан» мектебі кадеттерінің, жас динамошылардың, ойын — сауық клубтарынан таэквондо-спортшыларының командаларының көрсетілім қойғаны өте қызықты болды. Олар «RÝH-MARAFON» қатысушыларын таңғалдырып, олардың қошеметімен өз қызметіндегі айқындылық, қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдығын, ептілігін көрсетті. Одан кейін стадионның 12 спорт аймағында жарыстар басталды, тек биіктіктен бейнетүсірілім жүргізетін квадрокоптер ғана біздің бұқаралық жарыстарымызды синхронды түрде көрді. Ең көп көрермендер мен жанкүйерлер жүгіру жолдарына жиналды. Алматы қаласының 200-ден астам жас спортшысы 300 және 700 метрге жүгіруде ең жылдам жүгірушілер атағына бақ сынасты. Автоматты жинау — бөлшектеу секторында бір секундқа есеп жүргізілді. Ұлдар мен қыздар өздерінің қару-жарақпен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді. Ұлдар арасында Дима Агеев – оның уақыты 28,21; қыздар арасында 37,12 уақыт аралығында №134 орта мектептің оқушысы Асылханова үздік атанды. Пневматикалық винтовкадан ату секторында нағыз жас мергендер жиналды. Әрбір мерген өз әрекеттерін тиімді қолданды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды 44 және 47 ұпаймен жас ұландықтар Азат Мырзағалиев пен Рахат Әбілаев иеленді. Ұзындыққа секіру секторында да өте қызықты сайыс болды. Өз жас топтарында: үлкен топта — Түркісіб ауданынан Жәңгір Дәуленов, кіші топта – Артур Вербич жеңіске жетті. Ал, Динамо стадионының жасанды шөп алаңында 20 команда арасында қызу футбол жарысы ұйымдастырылды. Футбол командаларының жарысы тартысты өтті. Жартылай финалда және финалда ең мықты қарсыластар кездесті. «Жас-Динамо-2» жекпе-жегінде үшінші орын пенальтиден, он бір метрлік айып добынан кейін, тең есеппен ата-аналары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет ететін Ұлттық ұланның-балалар құрамасының еншісіне бұйырды. Екінші орынды Әуезов АІІБ қызметкерлері-балалар құрамасының жас футболшылары жеңіп алды. Ал турнирді Наурызбай ауданының АІІБ командасы тойлады. Стадионның ең көлеңкелі бұрышында Special Olympics — Қазақстан қозғалысының спортшылары «Көңілді старттар» эстафетасын ұйымдастырды. Жарыс барысында ҚР Динамо бапкерлері Константин Малиновский, Рахымжан Садықов, Вячеслав Сокирко және басқалар жас спортшыларға ақыл-кеңестер берді. Жарыстың барлық түрлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен, естелік эстампалармен, ал командалар – «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының кубоктарымен марапатталды. Әрине, ең нәтижелі спортшыларға «RÝH-MARAFON» әскери – патриоттық және спорттық мерекесінің ұйымдастырушылары – «Динамо» ДШСҚ ОК және Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры спортпен шұғылдануға қажетті спорттық жүлделерді табыс етті. Мерекелік концертте балғын әншілер мен бишілердің өнері көпшілікті тәнті етті. Спортқа деген ерекше құштарлыққа толы күнде барлық қатысушыларға салқын сусындар және тәттілер, балмұздақ таратылды.
БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ
- 1 июня, 2019
- 5:10 пп